Назар аударыңыз! 2025 жылғы 26 наурыздан бастап «Қаржы реттеуші статистикалық көрсеткіштер» ААШЖ-ң (бұдан әрі – ААШЖ, «ҚРСК» ААШЖ) жаңартылған платформасын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы хабарлаймыз
1. Жаңартылған «ҚРСК» ААШЖ платформасында пайдаланушыны авторизациялау бұрынғы мекенжай https://frsi.nationalbank.kz немесе ҚРҰБ веб-порталының Жеке кабинеті арқылы (https://digital.nationalbank.kz) сол логин және құпия сөзбен жүзеге асырылуы тиіс.
2. Өтпелі кезеңді қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 31 тамызға дейін респонденттерге «ҚРСК» ААШЖ-ң жаңартылған және бұрынғы платформасында жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте «ҚРСК» ААШЖ-ң екі платформасында есептілікті қайталау талап етілмейді.
3. ААШЖ-ң бұрынғы платформасына өту үшін сілтеме «ҚРСК» ААШЖ-ң басты бетінде жарияланады. Бұл ретте, «ҚРСК» ААШЖ-ның бұрынғы платформасын тек жаңартылған платформада техникалық мәселелер туындаған жағдайда ғана пайдалану қажет, бұл жағдайда «ҚРСК» ААШЖ (жаңа платформа)» тақырыбын көрсете отырып, Helpdesk қолдау қызметіне hd@nationalbank.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша өтінімді жолдау керек.